КММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
✅1 қазан күні мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді.
✅Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні
бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық
ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге
дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды
анықтап, ынталандыру.
✅Олимпиада қорытындысы бойынша Нұрболат Сұңғат -5 «А»- қазақ сыныбы бойынша -1 орын;
Мусагалиева Акнур- 5 «А»- қазақ сыныбы — 2 орын; Кайржан Айкөркем 5″Е»- 3 орын, Қанатжан Самир — 6″Д» -орыс сыныбы — 1 орын;
Асқат Төребек -6″Д» -орыс сыныбы — 2 орын;
Құсайын Санжар — 6″Д» орыс сыныбы — 3 орынға иеленді.Оқушыларымыз қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезіңге сәттілік тілейміз! ✅Жетекшілері: Халелова Ж., Казиева А.М., Мукашева С.